Жаңалықтар

20:49 | 27 қыркүйек 2016
Қазанның 13-16 күндері 1996-1997 жылы туған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Сонымен қатар,10-13 қазан аралығында Азия дзюдо федерациясының бастауымен төрешілер арасында «Сontinental» және «International» санаты бойынша емтихандық семинар болады деп жоспарланған. Жастар арасындағы турнир Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде 13 қазан сағат 10.00-де басталады. Туринрге бір салмақ дәрежесінде шет елдік құрамалар 4 спортшыдан, Қазақстандық командалар 7 спортшыдан қатыстыра алады.
19:50 | 27 қыркүйек 2016
Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде «Grand Slam» турнирі өткізілмек. Қазақстандық дзюдошыларды Дашжамтс Энхбаатар, Донбай Базарбек, Ибрагим Вешагуров, Марат Файзиев, Талап Мұқанов сынды бапкерлер бастап барады. Турнирге Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатыстырылады деп жоспарлануда. Олар: 1) Мағжан Шамшидин (60 кг) 2) Азамат Мұқанов (66 кг) 3) Асхат Тельманов (66 кг) 4) Дидар Хамза (73 кг) 5) Арман Махамбетов (81кг) 6)…
17:26 | 27 қыркүйек 2016
2016 жылдың 12-14 қазан күндері дзюдодан КСРО-ның спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында халықаралық турнир өтеді. Аталмыш турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отырған шара Тараз қаласында «Тараз Арена» спорт кешенінде болады.
14:38 | 21 қыркүйек 2016
19 қыркүйекте дзюдо мен самбодан жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары басталды. Тіркелу барысында РОӘТО әзірлеген үлестірме материалдары (видеосабақтар жазылған дисктер мен әдістемелік оқу құралдары) берілді. Бірнеше лекциялар ортақ өткізіледі, сосын курсқа қатысушылар спорт бағыттары бойынша бөлінеді. Теориядан бөлек тәжірибелік сабақтар да өткізілетін болады. Сабақтарды өткізбей қатысқандарға тестілеуден кейін курсты өткені туралы куәліктер берілетін болады.
17:07 | 20 қыркүйек 2016
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері КонфедерациясыРио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша бокс, әйелдер күресі, дзюдо мен ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командаларының ғылыми-кешенді топтың мамандарының еңбегін ескеріп, ақашалай сыйлықпен марапаттады. Конфедерацияның бас директоры Данияр Абулгазин осы күні 30 маманға сыйақыны табыстады. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақстандық спортшылардың жазғы Ошлимпиада ойындарындағы жетістігінде бапкерлердің еңбегімен қатар, ғылыми-кешенді…

Әлеуметтік желідегі парақшалар