Жаңалықтар

18:17 | 24 қазан 2016
Бүгін Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің жеке бапкері Энхбаатар Дашжамцтың туған күні. Қазақстан Дзюдо федерациясы Энхбаатар Дашжамцты туған күнімен құттықтайды! Деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай табыстар тілейміз!
20:23 | 23 қазан 2016
Қызылордада 22-23 қазан күндері өткен Б.Сүлейменовты еске алуға арналған Халықаралық турнир аяқталды. Турнирде Қазақстанмен қатар, Қырғызстан және Өзбекстандық дзюдошылар күш сынасты. Жарыста жалпы 8 салмақ (ұлдар және әйелдер) дәрежесінде 300-ге жуық дзюдошы белдесті. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (қыздар): 44 келі: I орын Адия Сайын (Қызылорда обл.) II орын Әсем Берік (ОҚО) III орын Ұлназ Ермахан (ОҚО) III орын Фариза…
18:41 | 23 қазан 2016
Бүгін Өскеменде Конфедерация кубогының В тобындағы мықтылары анықталды. Жеребе бойыншы бұл топта БҚО, СҚО, ШҚО спортшылары сынға түсті. Конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде ШҚО дзюдошылары мен СҚО спортшылары белдесіп, жеңіс 5:0 есебімен Шығыс Қазақстандықтардың еншісіне шешілді. 4:1 есебімен Батыс Қазақстанның балуандары Солтүстік Қазақстан облысының балуандарын тізе біктіріп, жеңіске жетті. Топтық кезеңнің шешуші сынында ШҚО мен БҚО балуандары белдесіп, Шығыс Қазақстандық дзюдошылар…
13:36 | 20 қазан 2016
Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Абу-Дабиде дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары аталмыш турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті: Мағжан Шамшадин (60 кг) Асхат Тельманов (66 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Дидар Хамза (81 кг) Әділет Миссин (81 кг) Айбек Серікбаев (-100 кг) Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
16:47 | 18 қазан 2016
Құрметті БАҚ өкілдері! 2016 жылдың 19 қазанында сағат 11.00-де Жапония елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы дзюдо академиясында жаттықтырушыларға арналған семинардың ашылу салтанатына шақырамыз (И. Байзақов көшесі, 238). Семинар 19-20 қазан күндері Жапониядан келген мамандардың қатысуымен өтеді. Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. Ямакази Масайоши, Макиши Иошихару, Ушимура Наоя, Эбинума Сатори, Эйга Хидеуки, Кадано…

Әлеуметтік желідегі парақшалар