Жаңалықтар

16:18 | 05 қыркүйек 2016
Қазанның 13-16 күндері 1996-1997 жылы туған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Сонымен қатар,10-13 қазан аралығында Азия дзюдо федерациясының бастауымен төрешілер арасында «Сontinental» және «International» санаты бойынша емтихандық семинар болады деп жоспарланған. Жастар арасындағы турнир Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде 13 қазан сағат 10.00-де басталады. Туринрге бір салмақ дәрежесінде шет елдік құрамалар 4 спортшыдан, Қазақстандық командалар 7 спортшыдан қатыстыра алады.
01:55 | 28 тамыз 2016
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс және қола медаль иегерлерін «Парасат» және «Құрмет» мемлекеттік ордендерімен марапаттады. Атап айтқанда, «Парасат» орденіне күміс медаль еншілеген - Гүзел Манюрова, зілтемірші Жазира Жаппарқұл, дзюдошы Елдос Сметов, сондай-ақ қола жүлдегер Иван Дычко ие болды. «Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер - дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер - Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, палуан қыздар -…
16:27 | 27 тамыз 2016
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «лейтенант» шенін иеленді. Дәл осындай атақ күміс және қола жүлдегерлері Елдос Сметов пен Василий Левит, Екатерина Ларионоваға да табысталды. Ал Ұлттық гвардияның спорт командасының жаттықтырушылары Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко мерзімінен бұрын «капитан» атанды. «Динамо» спорт қоғамының атлетшілеріне әскери атақты Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов табыстады. Сондай-ақ спорт қоғамының сапында жүрген Олимпиаданың өзге де жүлдегерлері…
23:40 | 20 тамыз 2016
Жақында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Мұқанов Қайрат Мұқанұлы қайтыс болды Мұканов Қайрат ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті болды және Қазақстанда дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның достары Қайратты еңбекқор адам ретінде еске алады Ибрагим Вешагуров, ҚР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы: «Ол өз кезінде ҚР дзюдо құрамасының бас бапкері…
11:20 | 19 тамыз 2016
Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Мұқановтың қайтыс болуына байланысты федерация ұжымы атынан туысқандарына көңіл айтамыз.

Әлеуметтік желідегі парақшалар