Галбадрах Отгонцэцэг ҚР Еңбек сіңірген Спорт шебері медалімен марапатталады

01:46 | 15 қараша 2016

Қызылорда қаласында Қазақстан Дзюдо федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтеді. Конференцияда Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев пен бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев және ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Имамбеков Ермек 2016 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2017 жылға жоспарланған жоспарды таныстырады. Сонымен қатар, конференция соңында Галбадрах Отгонцэцэгке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігі тапсырылады.

Естеріңізге сала кетсек, 16-20 қараша күндері Қызылордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы өтеді.

Конференцияның өтетін уақыты: 15 қараша, сағат: 15:00

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, БО «GrandPlaza», 2 қабат, «Астана» конференц-залы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар