Жаңалықтар
13:36 | 20 қазан 2016
Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Абу-Дабиде дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары аталмыш турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті:
Мағжан Шамшадин (60 кг)
Асхат Тельманов (66 кг)
Азамат Мұқанов (66 кг)
Дидар Хамза (81 кг)
Әділет Миссин (81 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
16:47 | 18 қазан 2016
Құрметті БАҚ өкілдері!
2016 жылдың 19 қазанында сағат 11.00-де Жапония елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы дзюдо академиясында жаттықтырушыларға арналған семинардың ашылу салтанатына шақырамыз (И. Байзақов көшесі, 238). Семинар 19-20 қазан күндері Жапониядан келген мамандардың қатысуымен өтеді. Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. Ямакази Масайоши, Макиши Иошихару, Ушимура Наоя, Эбинума Сатори, Эйга Хидеуки, Кадано…
18:09 | 16 қазан 2016
12-14 қазан күндері Тараз қаласында КСРО Спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен шараға Қазақстанмен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 722 жас дзюдошы қатысты. Бұрымды балуандар 4 салмақ дәрежесінде күш сынасса, ерлер құрамасы 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен қоса бағалы сыйлықтармен де марапатталды.

17:45 | 16 қазан 2016
Азия дзюдо федерациясы аясында Қазақстан дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Қарағандыда 14-15 қазан күндері дзюдодан халықаралық турнир өтті. Турнирге қазақстандық дзюдошылармен қатар, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызcтан және Тәжікстан Республикасының спортшылары қатысып, бақ сынады.
Екі күнге созылған турнир нәтижесі келесідей:
Қыздар:
48 кг:
1 орын – Тынбаева Ғалия (Қазақстан)
2 орын – Баукен Айдана (Қазақстан)
3 орын – Ералиева Нұрсұлу (Қазақстан)
52 кг:…