Жаңалықтар

18:44 | 25 ақпан 2017
Дюссельдорфта өтіп жатқан Гран При турнирінің екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліне алмады. Бүгін дзюдошылар -73 кг, - 81 кг, -63 кг, -70 кг салмақ дәрежесінде белдесті. 73 келіде татамиге шыққан Жансай Смағұлов алғашқы айналымда румыниялық Серсиа Марсельді ұтқанымен, екінші айналымда грузин дзюдошысы Лаша Шавдатуашвилиге есе жіберіп, жарыстан шықты. 81 келіде сынға түскен Қажымұқан Өтеулиев пен Азиз Қалқаманұлының да бүгін…
18:36 | 24 ақпан 2017
Германияның Дюссельдорф қаласында әлемдік Гран При турнирінің бірінші жарыс күні аяқталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60 кг, 66 кг; әйелдер 48 кг, 52 кг және 57 кг салмақ дәрежелерінде өзара бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасынан бүгін татамиге 5 дзюдошы шықты. 60 келіде татамиге бірінші шыққан Бауыржан Жауынтаев алғашқы айналымда-ақ испаниялық қарсыласы Джарижос Францискоға, ал осы жарыстың басты фавориті саналған Елдос…
23:20 | 23 ақпан 2017
Бүгін Дюссельдорфта Гран при турнирінің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша 60 келіде "А" тобына түскен Елдос Сметов жарысқа екінші айналымда қосылады. Пелим Филип (Бразилия) пен Клим Дукас (Германия) жұбының жеңімпазы Сметовтың алғашқы қарсыласы болмақ. Дәл осы салмақта "D" тобындағы Бауыржан Жауынтаевтың қарсыласы испаниялық дзюдошы Джержос Франциско. 66 келіде Қырғызбаев Ғұмар алғашқы айналымда Миранда Аугустамен (Пуартэ Рико) белдессе, Азамат Мұқанов Хан-Могамедов Камалмен…
17:50 | 22 ақпан 2017
27-30 наурыз аралығында Талдықорған қаласы "Жастар" спорт кешенінде "Наурыз" мерекесіне арналған республикалық ашық турнир өтеді. Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылы туылған жасөспірімдер қатысады.
09:45 | 16 ақпан 2017
24-26 ақпан күндері Дюссельдорфта (Германия) дзюдодан әлемдік Гран при турнирі өтеді. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан бұл турнирге 17 дзюдошы қатысады. Олар: Ұлдар: Елдос Сметов (60 кг) Бауыржан Жауынтаев (60 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы (81 кг) Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) Дәулетхан Жақыпов (90 кг) Айбек Серікбаев (-100 кг) Ержан Шынкеев…

Әлеуметтік желідегі парақшалар