Б. Махмұтов жүлдесіне арналған халықаралық турнирге журналистерді тіркеу басталды

15:13 | 11 сәуір 2017

Құрметті әріптестер! 2017 жылдың 22-23 сәуір күндері Алматы қаласы «Халық-Арена» мұз сарайында дзюдодан Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлының жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді. Аталмыш шараға БАҚ өкілдерін тіркеу басталғандығын хабарлаймыз! Төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша толтырылған құжатты fdkpress@mail.ru почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.

  1. Аты-жөні

  2. БАҚ атауы

  3. Лауазымы

  4. Байланыс қызметі (телефон нөмері; электронды почта)

*Журналистерді тіркеу 21 сәуірге дейін жалғасады.

Тіркелген журналистерге 21 сәуір сағат 15.30-да «Халық-Арена» мұз сарайында өтетін баспасөз-конференциясында аккредитациялар беріледі.

***

Махмұтов Бекет Сапабекұлы - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-презмденті қызметін атқарған.

«ФЕДЕРАЦИЯ ДЗЮДО» РҚБ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар