БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы "Халық Аренада" өтеді

10:12 | 19 сәуір 2017

21-23 сәуір күндері Алматы қаласы «Халық Арена» спорт кешенінде спорт жанашыры, Қазақстан Дзюдо федерациясының Құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлыныңжүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді.

Халықаралық турнирге байланысты БАҚ өкілдерін ресми баспасөз-конференциясына шақырамыз.

Баспасөз-конференциясы 21 сәуір сағат 15:30-да «Халық Арена» спорт кешіненде конференц залында өтеді.

Азия Дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған дүбірлі додаға шетелден 500-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде (ерлер: -55, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; әйелдер: -44, -48кг, -52кг, -57кг, -63кг, -70кг, -78кг, +78кг) қатысады. Қазақстан құрамасынан бұл сынға кадеттер арасындағы Әлем Чемпионы Айболат Ыстыбаев, Азия Чемпионы Дамир Болатбеков, қыздардан Азия Чемпиондары Перизат Қадірбекова, Ақмарал Науатбек, Камила Берлікаш және Нұрсұлу Ералиева, Азия Чемпионатың жүлдегерлері Мөлдір Нарынова мен Нұржамал Жарманова сынды еліміздің мақтан тұтар жас спортшылары қатысады. Халықаралық турнирді «KazSport» арнасы көрсетеді.

* Тіркелген журналистерге аккредитация баспасөз конференциясында беріледі.

Қазақстан Дзюдо Федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар