Жаңалықтар
00:11 | 18 қазан 2018
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Нассауда (Багама) өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.
Әлем рейтингінде екінші нөмерде тұрған Ғалия жарысқа екінші айналымда қосылды. Отандасымыз алғашқы кездесуінде марокколық Шайми Эддинариді жеңіп, ширек финалға шықты. Ал жартылай финалдық жолдама үшін ересектер арасындағы әлем чемпионы украиналық Дарья Белодидпен күресіп, иппон ұпайымен есе жіберді.
Осылайша, жұбаныш белдесуінде франциялық Юля Мори Уил…
11:01 | 17 қазан 2018
Құрметті әріптестер! ҚР Дзюдо федерациясының президентін сайлау мақсатында жоспарланған кезектен тыс конференцияның өтетін уақыты келесі аптаға шегерілгенін хабарлаймыз. Естеріңізге сала кетсек, кезектен тыс конференция 18 қазанға жоспарланған болатын.
Қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, серіктестік танытып, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
12:34 | 16 қазан 2018
2018 жылдың 18 қазанында Астана қаласы «Hilton Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының президентін сайлау мақсатында кезектен тыс конференция өтеді.
Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директорыАсхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері,…
11:28 | 15 қазан 2018
17-21 қазан күндері Нассауда (Багама) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтеді. Әлем чемпионатына 79 елден 492 спортшы қатысады. Соның ішінде Қазақстан жастар құрама командасынан 18 татами шебері ел намысын қорғайтын болады.
Олар:
Дамир Болатбеков (-55 кг)
Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Арслан Есенгел (-60 кг)
Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)
Бақытжан Абдурахманов (-66 кг)
Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг)
Жанболат Бағтбергенов (-73 кг)…
16:29 | 13 қазан 2018
Бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Абулғазин Данияр Рустэмұлының туған күні!
Құрметті Данияр Рустэмұлы! Қазақстан дзюдо федерациясы сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтайды! Елімізде спорттың дамуына қосқан үлесіңіз ұшан теңіз! Әрқашан да отандық спортшыларды қолдап, спорт саласында атқарып отырған игі бастамаларыңыз үшін алғысымыды білдіреміз! Бүгінгі айтулы күнде сізге ұзақ өмір, зор…