Жаңалықтар
12:58 | 27 ақпан 2019
2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Атырау татамиінде 400-ден аса жас спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жекелей және командалық Чемпионатқа 1999-2000 жылы туған жастар қатысады. Ел біріншілігінің нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.
Жарыс бағдарламасы:
2 наурыз
10:00 – жарыстың…
10:57 | 27 ақпан 2019
Дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, құрама спортшылары жаттығу жиындарында лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр.
«Оқу-жаттығу жиындарында қосалқы құрам Еуропа Кубогына дайындалып жатса, негізгі құрам алда болатын Гран При жарысына қызу дайындық жүргізуде. 16 дзюдошы қатысып жатқан жаттығу жиыны ақпанның 28-іне дейін жалғасады. Жаттығу арнайы физикалық дайындық және тактикалық…
14:57 | 26 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошылар Германиядан елге оралды. Дюссельдорф татамиінде өткен «Grand Slam» жарысында құрама сапынан ең жақсы нәтиже көрсеткен Есет Қуанов 7-орынға тұрақтады. 66 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз өзінің алғашқы жарысынан кейінгі әсерімен бөлісті.
- Жарысқа дайындығым өте жақсы болды. Ал жоспарым – алтын алу еді, дейді Есет Қуанов, - алғашқы кездесуімде Босния және Герцеговина спортшысы Задро Петермен күресіп, вазари ұпайымен…
11:59 | 26 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошылар Прагада 2 наурыз күні өтетін Еуропа ашық Кубогына қатысады. Әйелдер арасында өтетін аталмыш турнирге 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Қазақстан намысын Прага жерінде 10 дзюдошы қорғамақ. Олар:
Әйгерім Төреғожина (-48 кг)
Гүлдана Әлмұханбетова (-52 кг)
Бақыт Құсақбаева (-57 кг)
Иоланта Бердибекова (-63 кг)
Назгүл Құбашева (-63 кг)
Алтынай Хаби (-63 кг)
Әйгерім Жұмадилла (-63 кг)
Назгүл…
11:00 | 20 ақпан 2019
22-24 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталмыш жарысқа 97 елден 683 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан намысын 14 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Рустам Ибраев (-60 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг)
Нұрлан Оразалин (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг)
Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)…