Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиындарында
Дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, құрама спортшылары жаттығу жиындарында лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр.
«Оқу-жаттығу жиындарында қосалқы құрам Еуропа Кубогына дайындалып жатса, негізгі құрам алда болатын Гран При жарысына қызу дайындық жүргізуде. 16 дзюдошы қатысып жатқан жаттығу жиыны ақпанның 28-іне дейін жалғасады. Жаттығу арнайы физикалық дайындық және тактикалық техникалық дайындық бойынша өтіп жатыр. Қазіргі таңда спортшылардың жағдайы жақсы, жарыстарға дайын», - дейді құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаев.
Айта кетерлігі, дзюдодан әйелдер арасында Еуропа ашық Кубогі 2 наурыз күні Прагада өтеді. Ал әлемдік Гран При кезеңі 8-10 наурыз күндері Марокода өтеді деп жоспарланған.
0 пікірлер