Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Чемпионаты өтеді

12:58 | 27 ақпан 2019

2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Атырау татамиінде 400-ден аса жас спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жекелей және командалық Чемпионатқа 1999-2000 жылы туған жастар қатысады. Ел біріншілігінің нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

2 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы

16:00 –жарыстың ресми ашылуы салтанады

16:30 – финалдық кезең

Ұлдар: -55 кг, -60 кг

Қыздар: - 44 кг, -48 кг, -52 кг

3 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы

16:00 – финалдық кезең

Ұлдар: -66 кг, -73 кг, -81 кг

Қыздар: - 57 кг, -63 кг, -70 кг

4 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы

16:00 – финалдық кезең

Ұлдар: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Қыздар: - 78 кг, +78 кг

5 наурыз

Қазақстан Республикасының аралас командалық Чемпионаты

10:00 – жарыстың басталуы

Ұлдар: -60 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг

Қыздар: -48 кг, -57 кг, -70 кг, +70 кг

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар