Жаңалықтар

23:37 | 08 наурыз 2019
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтты. 66 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз Ерлан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті. Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты.…
12:03 | 07 наурыз 2019
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров барша әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады! Құрметті ханымдар! Дзюдо Федерациясы атынан 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен қайсарлық, биязылық пен табандылық тең ұштасқан. Әр-қайсыңыз еңбекқорлық және шыдамдылықтың үлгісі болып табыласыздар! Қол жеткізген жетістіктеріңіз спорт әлемінде еліміздің абыройын арттырып, халқымыздың мерейін үстем етуде. Біз сіздерді әрқашанда мақтан тұтамыз. Мерекелеріңізбен…
11:11 | 07 наурыз 2019
Ертең, 8 наурыз күні Мароккода дзюдодан Гран При жарысы басталады. 71 елден 487 дзюдошы тіркелген жарысқа Қазақстан құрама командасынан 19 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар: Ерлер: Бауыржан Нарбаев (-60 кг) Мағжан Шамшадин (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг) Ақылбек Серік (-73 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Руслан Мұсаев (-81 кг) Азиз Қалқаманұлы…
19:25 | 05 наурыз 2019
Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының аралас командалық Чемпионаты аяқталды. 1999-2000 ж.т. жастар арасында өткен бүгінгі жарысқа 16 команда қатысты. Атап айтқанда, Қостанай облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО, Қызылорда оьлысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Астана қаласы, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Алматы қаласы, Атырау облысы, Түркістан облысы және БҚО жастар құрама командасы. Нәтижесінде, Алматы қаласының құрамасы…
18:33 | 04 наурыз 2019
Бүгін Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионаты аяқталды. 2 наурыз күні басталған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға…

Әлеуметтік желідегі парақшалар