Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

09:39 | 15 сәуір 2019

20-21 сәуір күндері Алматы қаласында Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

«Халық Арена» спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі:

20 cәуір

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, +90 кг;

Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

21 сәуір

Жастар

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;

Қыздар: - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

***

Махмұтов Бекет Сапабекұлы - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар