Қазақстан құрамасы Франциямен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде
12:19 | 11 сәуір 2019
Қазақстан жастар құрамасы мен Франция жастар құрама командалары Алматы облысында орналасқан АИБА спорт базасында бірлескен оқу жаттығу жиындарын бастады. Сәуірдің 20-сына дейін жалғасатын жаттығу жиынына 80-ге жуық татами шебері өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап жатыр.
«Бізді Қазақстанға шақырып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып отырғандарыңызға көп рақмет! Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушылары Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастаған жастар құрамасымен жақсы жаттығу өткіземіз деп ойлаймын. Мұндай бірлескен жиындар дзюдошылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді», - дейді Франция жастар құрамасының бапкері Стифан Фримонт.
0 пікірлер