Елдос Сметов Гран При жарысының жеңімпазы атанды
Елдос Сметов Анталияда өтіп жатқан Гран При жарысының жеңімпазы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз ақтық финалда өзбекстандық дзюдошы Кемран Нуриллаевты иппон ұпайымен жеңді.
Жарыс барысында Елдос 5 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ал бірінші кездесуінде Оруж Влизаданы, одан кейін болгариялық Валентин Алпиевті жеңсе, ширек финалда Лондон Олимпиадсының қола жүлдегері бразилиялық Фелипе Китадайды ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылаай финалда Ұлыбритания спортшысы Эшли Маккензиді иппон ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Сондай-ақ, 48 келіге дейінгі салмақта күрескен Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салды. Финалдық кездесуде ол косовалық дзюдошы Дистрия Красникиге есе жіберді.
Айта кетерлігі, Түркияның Анталия қаласында бүгін басталған әлемдік Гран При кезеңі сәуірдің 7-сіне дейін жалғасады. Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасынан 13 дзюдошы қатысып жатыр.
0 пікірлер