Жаңалықтар

11:00 | 27 тамыз 2019
Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды. 27 тамыз Қазақстан ерлер құрамасы сапынан шыққан Жансай Смағұлов бірінші белдесуінде Израиль спортшысы Тохар Будбулдан жеңілді. Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Севара Нишанбаева бірінші қарсыласы вьетнамдық спортшыны иппонмен ұтты. Алайда, екінші кездесуінде панамалық Мариям Поперге есе жіберді. Айта кетерлігі, Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге…
17:50 | 25 тамыз 2019
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жұбаныш финалда ол отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды. Елдос Сметов ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалға дейін ол Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) жеңді. Ширек финалда Елдосты жапониялық Ружу Нагаяма тоқтатты. Жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған Елдос…
13:23 | 25 тамыз 2019
Бүгін Токиода дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан татамиге Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Отгонцэцэг Галбадрах шықты. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - өзбекстандық балуан Шарафоддин Лутфиллаев. Ал 60 келіге дейінгі салмақта күрескен тағы бір балуанымыз Елдос Сметов жарыстың жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг…
10:45 | 12 тамыз 2019
11 тамыз күні Олимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының көшбасшысы Елдос Сметов елорданың жас дзюдошыларымен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласындағы «B-Platinum» спорт кешенінде ұйымдастырылған даңқты балуанмен кездесуге 50-ге жуық жасөспірім дзюдошы қатысты. Осындай ашық кездесудің көптеп ұйымдастырылып жатқаны қуантады дейді Елдос тілшілерге: - Біздің болашағымыз жастар. Сондықтан, үлкен спортта ұрпақтар сабақтастығы болғаны абзал. Біз бар білгенімізбен жас буынға…
15:00 | 09 тамыз 2019
25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы Токио татамиінде мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады. Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, команда әлем чемпионатына қатысуға дайын. «Біз қазіргі таңда Алматы облысында әлем чемпионаты алдындағы оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Қыздардың дайындығы өте…

Әлеуметтік желідегі парақшалар