Смағұлов пен Нишанбаева Әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

11:00 | 27 тамыз 2019

Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды. 27 тамыз Қазақстан ерлер құрамасы сапынан шыққан Жансай Смағұлов бірінші белдесуінде Израиль спортшысы Тохар Будбулдан жеңілді. Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Севара Нишанбаева бірінші қарсыласы вьетнамдық спортшыны иппонмен ұтты. Алайда, екінші кездесуінде панамалық Мариям Поперге есе жіберді.

Айта кетерлігі, Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан Токио татамиінде 16 дзюдошы бақтарын сынайды. Әлем біріншілігі қыркүйектің 1-іне дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар