Елдос Сметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері

17:50 | 25 тамыз 2019

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жұбаныш финалда ол отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды.

Елдос Сметов ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалға дейін ол Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) жеңді. Ширек финалда Елдосты жапониялық Ружу Нагаяма тоқтатты. Жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған Елдос қарсыласы тайпейлік Янг Юнг Уэйді иппон ұпайымен ұтқан болатын.

Айта кетерлігі, Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан Токио татамиінде 16 дзюдошы бақтарын сынайды. Әлем біріншілігі қыркүйектің 1-іне дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар