Дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрама командасы
25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошысы Токио татамиінде мықтыны анықтайтын болады. Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, команда әлем чемпионатына қатысуға дайын.
«Біз қазіргі таңда Алматы облысында әлем чемпионаты алдындағы оқу- жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Қыздардың дайындығы өте жақсы. Қазірше бір қола жүлдені жоспарлап отырмыз. Құрамада Галбадрах Отгонцэцэгтен басқа, Севара Нишанбаеваны да жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп үміттенеміз.
Сондай-ақ, қыздар арасында жастар құрамасынан қосылған дзюдошылар да бар. Мысалы, кешегі Тайпейде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Мөлдір Нарынова. Талантты жас спортшыларымызды ересектер арасында осындай үлкен жарыстарға қатыстыру тәжірибе жинауға көмектеседі. Жастар құрамасынан қосылған тағы бір мықты дзюдошы қызымыз бар еді. Өкінішке қарай, Ақмарал Науатбек бастапқыда тізімде болғанымен, жарақат алуына байланысты бұл әлем чемпионатына қатыспайтын болды», - дейді бас бапкер Ерлан Алпысбаев.
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер құрамасы:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нишанбева (-57 кг)
Иоланта Бердибекова (-63 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
0 пікірлер