Жаңалықтар

23:16 | 01 наурыз 2014
Прагада өтіп жатқан дзюдодан «European Open» турнирінің бірінші жарыс күнінде спортшыларымыз 1 алтын 1 қола жүлде жеңіп алды. Алтын медальді 60 келіде сынға түскен Айбек Имашев (суретте) иеленсе, қола жүлдені осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Ғұмар Қырғызбаев жеңіп алды. Айбек Маңғыстау облысының тумасы. 60 келіде еліміздегі үздік бес дзюдошының қатарында жүр. Ал Ғұмар 2013 жылғы Қазақстан біріншілігінде жүлдегер атанған…
12:07 | 25 ақпан 2014
Нұртазин Мухсин, «Дзюдо федерациясы» РҚБ рефери – директоры : - Жарыс үш күн қатарынан жоғары деңгейде өтті. Біз көп жастарды байқадық. Соңғы жылдармен салыстырғанда, ауыр салмақтағы қыздарымыз жақсы нәтижелер көрсете бастағанын айта кеткен жөн. Енді Азия чемпионатында олар жақсы көрсеткіштерге жетеді деп үміттенеміз. Ағайдаров Манарбек, «Жамбыл облысы дзюдо федерациясы» ҚБ президенті : - Әр чемпионаттан өнерлі спортшылар шығып отырады. 60,…
11:15 | 25 ақпан 2014
2014 жылдың 20 – 23 ақпаны аралығында Германияда әлемдік «Гран-при» өткізіліп, жарыста Қазақстан намысын 14 адамнан құралған ұлттық құрама команда қорғады. Нәтижесінде, Максим Раков 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алса, 60 келі салмақта Ибраев Рустам мен Сметов Елдос және 73 келіде Ықыбаев Дастан алғашқы бестікке енді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командалық есепте 55 мемлекеттің арасынан 14 орынға тұрақтады.
22:08 | 24 ақпан 2014
2014 жылдың 20 - 23 ақпаны аралығында Тараз қаласында дзюдодан жастар арасында өткен ел біріншілігінде Қызылорда облысының спортшылары командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орында Астана дзюдошылары, Алматы қаласының палуандары үшінші орынға тұрақтады. Ақмола облысының саңлақтары соңғы орында, олардың еншісінде медаль жоқ.

Әлеуметтік желідегі парақшалар