Қыздар қуантпады
18:47 | 28 наурыз 2014
Түркияның Самсун қаласында дзюдодан Гран-при турнирі (28-30 наурыз) басталды. Алғашқы жарыс күнінде 48, 52 және 57 келідегі қыздар сынға түсуде.
Өкінішке қарай, біздің дзюдошы қыздарымыз сәтті өнер көрсеткен жоқ. 48 келідегі Айгүл Байқұлева неміс қызы Кай Краустан алғашқы айналымда ұтылса, 52 келідегі Ленария Минғазова бірінші белдесуінде ресейлік Антонина Кириевскаяға есе жіберді.
57 келіде сынға түскен Севара Нишанбаева тунистік Несрия Жласстан бірінші айналымда ұтылса, осы салмақтағы Назгүл Құбашева (суретте) алғашқы белдесуінде сүрінген жоқ. Түрікмен қызы Рушан Нуржовованы жеңген соң, германиялық Мирьям Ноперден жеңіліп қалды.
0 пікірлер