Азамат Мұқанов Гран-при турнирінен сырт қалды

18:17 | 27 наурыз 2014

Түркияның Самсун қаласында өтетін дзюдодан Гран-При турнирінде (28-30 наурыз) Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды. Өткен аптада ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков confederation.kz сайтына берген сұхбатында Түркияға аттанатын құрамда өзгеріс орын алуы мүмкін деген еді. Кейін белгілі болғандай, Самсунға баратын спортшылар қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (66 келі) жоқ. Тұмаудан айықпаған Азамат Түркиядағы Гран-При турниріне қатыспайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов, Асхат Телманов

73 келі. Дастан Ықыбаев, Ертуған Төренов

81 келі. Әзиз Қалқаманұлы, Әділет Мисин

90 келі. Тимур Болат

100 келі. Әділхан Қозыбаев, Айбек Серікбаев

+100 келі. Ержан Шынкеев, Руслан Әбдіразақов.

Қыздар

48 келі. Айгүл Байқұлова

52 келі. Ленария Минғазова

57 келі. Назгүл Құбашева, Севара Нишанбаева

63 келі. Мариан Ордабаева

70 келі. Динара Қодарова, Зәмзәгүл Файзолланова

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар