Жаңалықтар

17:08 | 29 тамыз 2015
Ертең сағат 10:00-де басталатын қыздар және ерлер арасындағы командалық жарыстың жеребесі тартылды. Ұлттық құрама командалар арасындағы бәсекемен әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Дзюдодан Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы кездесуінде Моңғолиямен кездеседі. Осы жұптың жеңімпазы Оңтүстік Корея - Тунис арасындағы кездесуде мықты болғанмен бақтарын сынайды.Жалпы қыздар жарысына 15 құрама қатысуда. Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы белдесуін австралиялық дзюдошылармен өткізеді. Егер жеңіске жетіп жатсақ,…
15:06 | 29 тамыз 2015
Қазақстан ұлттық құрама командасы дзюдодан әлем біріншілігіндегі жекелей сынды Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев жеңіп алған бір алтын, бір күміс медальмен аяқтап отыр. Өінішке орай, әлем чемпионатының алтыншы күнінде қазақстандық спортшылар жанкүйерлерін қуанта алмады. Гүлжан Исанова мен Ержан Шынкеев бірінші кездесулерінде жеңілсе, Максим Раков екінші айналымда сүрінді. Француз Сирилл Маретт Раковты бір "шидо"-мен жеңіп кетті. Төрешілердің шешімімен келіспеген жанкүйерлер Максимге…
20:25 | 28 тамыз 2015
Бүгін әлем біріншілігінің аясында ерлер 90 келі салмақта,ал қыздар 70 және 78 келі салмақта бақ сынады. Өкінішке орай қазақ құрамасының спортшылары ақтық сынға дейін жете алмады, Жанар Қашқын мен Ділбәр Өмірәлиева және Альбина Амангелдиева алғашқы кездесулерінде сүрінсе, Ислам Бозбаев чемпионаттың екінші айналымында есе жіберіп алды. Бүгінгі күн француздар үшін жемісті болды. Жеңіске жету үшін Жевриз Иманға 14 секунд жеткілікті болды.…
19:20 | 28 тамыз 2015
Ерлер ( 90 келі) 1. Квак Дон Хан (Оңтүстік Қорея) 2. Денисов Кирилл (Ресей) 3. Бакер Машу (Жапония) және Липартелиани Варлам (Грузия) Қыздар (70 келі) 1. Эмане Геврис (Франция) 2.Бернабеу Мария (Испания) 3.Алвер Юрий (Колумбия) және Посвит Фанни - Эстель (Франция) Қыздар (78 келі) 1.Умеки Мами (Жапония) 2. Веленсек Аннамар (Словения) 3.Малжан Луис (Германия) және Веркерк Мархинд (Нидерланды)
17:51 | 28 тамыз 2015
Астанада өтіп жатқан дзюдо күресінен әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды. Татамиге шыққан 4 балуанымыз да бастапқы бәсекелерінде жеңіліс тапты. 70 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Ділбәр Өмірәлиева бірінші кездесуінде польшалық Клюс Катарзунаға есе жіберіп қойды. Жарыстан кейін жерлесімізбен тілдесіп, бір-екі сауал қойған болатынбыз. – Ділбәр қателік қай жерден кетті? – Дайындық жоғары деңгейде болды. Бұрынғымен…

Әлеуметтік желідегі парақшалар