Максим Раков екінші кездесуінде жеңілді
15:06 | 29 тамыз 2015
Қазақстан ұлттық құрама командасы дзюдодан әлем біріншілігіндегі жекелей сынды Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев жеңіп алған бір алтын, бір күміс медальмен аяқтап отыр.
Өінішке орай, әлем чемпионатының алтыншы күнінде қазақстандық спортшылар жанкүйерлерін қуанта алмады. Гүлжан Исанова мен Ержан Шынкеев бірінші кездесулерінде жеңілсе, Максим Раков екінші айналымда сүрінді. Француз Сирилл Маретт Раковты бір "шидо"-мен жеңіп кетті. Төрешілердің шешімімен келіспеген жанкүйерлер Максимге қошеметтерін білдірді, Жекелей сындағы жарыс жалғасып жатыр.
Ертең әлем чемпионатында командалық жарыс өтеді. Біз жігіттерге сенеміз!
0 пікірлер