Әлем біріншілігінің бесінші күні қорытындыланды
20:25 | 28 тамыз 2015
Бүгін әлем біріншілігінің аясында ерлер 90 келі салмақта,ал қыздар 70 және 78 келі салмақта бақ сынады.
Өкінішке орай қазақ құрамасының спортшылары ақтық сынға дейін жете алмады, Жанар Қашқын мен Ділбәр Өмірәлиева және Альбина Амангелдиева алғашқы кездесулерінде сүрінсе, Ислам Бозбаев чемпионаттың екінші айналымында есе жіберіп алды.
Бүгінгі күн француздар үшін жемісті болды. Жеңіске жету үшін Жевриз Иманға 14 секунд жеткілікті болды. Ол өзінің шеберлігін дәлелдеп осымен екінші рет чемпион атанып отыр. Оның қарсыласы Мария Бернабеу (Испания) күмісті олжалады. Франция құрамасының тағы бір спортшысы Фани Посвит осы салмақта қола медальді ұтып алды. Ал, әлемнің екі дүркін чемпионы Юри Альвеар (Колумбия) тек қолаға қол жеткізді, ол Бернадетт Графтан басым түсті (Австрия).
78 келіге дейінгі салмақта Мами Умеки (Жапония) чемпион атанды, ол финалда «иппон»ұпайымен Словенияның спортшысы Анамари Веленшекті ұтты. Қола медальдар Луиза Малзанда (Германия), ол 2011 жылғы әлем чемпионын, 2014 жылғы вице-чемпионды Одри Чеумеуді (Франция) иппономен жеңді және осы салмақта екінші қоланы Маринде Веркерк(Голландия) алды, ол Дарью Погоржелецті тізе бүктіртті (Польша).
Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта Оңтсүтік Қореялық Дон Гвак жеңімпаз атанды, финалда ол «вазари» ұпайымен Ресейлік Кирилл Денисоваты жеңді. Қола медаль иелері Машу Бакер(Жапония) және Варлам Липартелиани.
«Әлем біріншілігінде кәріс балуанына жеңілгенім өкінішті, Себебі басқа жарыстарда мен оны жеңген болатынмын. Дегенмен осы мараптақа ризамын, қазір жақсы формада екенімді айта аламын,- деді Кирилл Денисов жарыстан соң.
Әлем біріншілігінің бесінші күнінен кейін 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен Жапония құрамасы алда келе жатыр. Екінші орынға Оңтүстік Корея спортшылары жайғасты, еншілерінде 2 алтын және 3 қола. Үшінші орында Франция, олардың қоржындарында 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль. Қазақстан 4 орында, 1 алтын мен 1 күміс.
Ертең татамиге 78 келіден жоғары салмақта қыздар, 100 және 100 келіден жоғары салмақта ерлер бақ сынайды. Қазақстан намысын Гүлжан Исанов(+78), Максим Раков (-100) және Ержан Шынкеев (+100)қорғайды.
0 пікірлер