Жаңалықтар
15:38 | 05 шілде 2022
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Венгрия астанасы Будапештте өтетін әлемдік «Grand Slam» жарысына қатысады.
Аталған рейтингтік турнир 8-10 шілде аралығында өтеді. Будапешт татамиінде ел намысын 18 спортшы қорғамақ. Олар:
Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Дастан Шаяхметов
73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі: Барак Арқабай, Айбол Нысанәлі
90 келі: Әділет Миссин, Ерасыл Жантаев
100 келіге…
15:01 | 18 мамыр 2022
Төрт қазақстандық маман дзюдодан халықаралық дәрежедегі төреші (“International”) атағына ие болды.
Алматыда Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мамандарының қатысуымен дзюдодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар мәресіне жетті. Семинар барысында қатысушылар білімін толықтырып, емтихан тапсырды.
Төрешілер емтиханның практикалық бөлімін Алматыда өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі аясында тапсырды.
Нәтижесінде төрт қазақстандық маман, атап айтқанда, Кенжезару Қашқынова, Варвара Масягина, Ерлан Тажиков және…
12:53 | 15 мамыр 2022
Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Азия кубогіне 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталған құрлықтық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 700-ден астам спортшы бақ сынайды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес Азия…
17:43 | 11 наурыз 2022
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысынан кейін ҚДФ бас хатшысы Асхат Жіткеев президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров отандық дзюдо қауымдастығына алғысын білдірді.
“Дзюдо федерациясының президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуыма байланысты барлық қазақстандық дзюдошыларға, жаттықтырушыларға, федерация менеджерлеріне, Дзюдо деп аталатын үлкен отбасымызға шынайы алғысымды білдіремін!
Сіздермен бірге жұмыс істеген қысқа мерзім…
10:00 | 31 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо жанашырлары!
Сіздерді өз атымнан және Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2021 жыл бәріміз үшін оңай жыл болған жоқ. Десе де біз бірлігіміз бен мақсатқа деген айқын ұмтылысымызбен бір белесті бағындырдық деп ойлаймын. Әлемдік додаларда, Азия мен әлем чемпионаттарында, жылдың басты додасы саналған Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған әрбір жанға,…