Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында азия кубогі өтеді
Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Азия кубогіне 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталған құрлықтық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 700-ден астам спортшы бақ сынайды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес Азия кубогі Қазақстанда осымен бесінші рет ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесіне сейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.
Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі келесідей:
13 мамыр
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00
Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30
Финалдық белдесулер – 17:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг
14 мамыр
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Жасөспірімдер
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;
Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Жастар
Ұлдар: -60 кг, -66 кг;
Қыздар: -48 кг, -52 кг;
15 мамыр
Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Жарыс «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қорының қолдауымен өтеді.
0 пікірлер