Будапештте өтетін әлемдік «Grand Slam» жарысына қатысатын дзюдошылар тізімі белгілі

15:38 | 05 шілде 2022

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Венгрия астанасы Будапештте өтетін әлемдік «Grand Slam» жарысына қатысады.

Аталған рейтингтік турнир 8-10 шілде аралығында өтеді. Будапешт татамиінде ел намысын 18 спортшы қорғамақ. Олар:

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Дастан Шаяхметов

73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

81 келі: Барак Арқабай, Айбол Нысанәлі

90 келі: Әділет Миссин, Ерасыл Жантаев

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Айбек Серікбаев, Серік Сәлменов

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужақынова

52 келі: Гаухар Ирмағамбетова

57 келі: Рауза Нұрмахамметова

63 келі: Мөлдір Нарынова

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар