Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо жанашырлары!
10:00 | 31 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо жанашырлары!
Сіздерді өз атымнан және Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2021 жыл бәріміз үшін оңай жыл болған жоқ. Десе де біз бірлігіміз бен мақсатқа деген айқын ұмтылысымызбен бір белесті бағындырдық деп ойлаймын. Әлемдік додаларда, Азия мен әлем чемпионаттарында, жылдың басты додасы саналған Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған әрбір жанға, тұтас командаға алғыс айтамын. Әрбір дзюдошыға жанашырлық танытып отырған жанкүйерлерге де шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Жаңа жыл бәріміз үшін жақсылыққа толы, берекелі болғай! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, сарқылмас қуат тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қ.Қожамжаров
0 пікірлер