Жаңалықтар

23:37 | 26 қаңтар 2024
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Сила Ерсінді (Түркия) ұтты. Абиба Абужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жарыстан шығарды. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе…
17:36 | 22 желтоқсан 2023
22 желтоқсан күні Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылғы спорт маусымын қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді, федерация мамандарын марапаттады. Федерация президенті Қуанышбек Бахытбекұлы Есекеевтің жетекшілігімен өткен шараға ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты. Биыл дзюдо спортынан үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарынан жазғы Азия ойындарының…
19:03 | 15 қараша 2023
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста үздіктер анықталды. Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Қарғанды облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды. Ал Қазақстан чемпионатының жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде Жетісу…
20:18 | 12 қараша 2023
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60, 66, әйелдер 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Ерлер арасында Жамбыл облысының спортшысы Нұрқанат Серікбаев (60 кг) пен Ақтөбе облысының дзюдошысы Есет Қуанов (66 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Жетісу облысының өкілдері Диана Буркеева (48 кг) мен Нұрсұлу Ералиева (52…
15:16 | 08 қараша 2023
Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар. Атап айтқанда, Серікбаев Нұрқанат, Данияр…

Әлеуметтік желідегі парақшалар