Жаңалықтар
21:51 | 27 маусым 2026
Прагада (Чехия) дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді финалда уақытынан бұрын таза жеңіспен ұтты.
Дәл осы салмақта Нұрәділ Әлжан ел қоржынына қола жүлде салды. Жұбаныш финалында ол тағы бір командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.
Еуропа кубогіне 38 елден…
15:51 | 26 маусым 2026
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абемен кездесті.
Финалдық белдесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетті. Осылайша, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Гран-при турнирін күміс жүлдемен аяқтады.
Ал 60 келіге дейінгі салмақ…
08:50 | 18 маусым 2026
19–21 маусым күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Әлемдік тур аясындағы беделді жарысы Ulaanbaatar Grand Slam 2026 өтеді.
Биылғы додаға әлемнің 58 елінен 454 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының сапынан турнирде 20 дзюдошы бақ сынайды.
Қазақстан командасының құрамы:
Ерлер құрамасы: Аман Бақытжан (-60 кг), Мағжан Шамшадин (-60 кг), Нұрқанат Серікбаев (-66 кг), Ақжігіт Насыр (-66 кг), Аңсарбек…
15:04 | 05 маусым 2026
Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді 9-12 маусым күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді.
Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін дәстүрлі додаға Аустралия, Қытайлық Тайпей, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Америка Құрама Штаттары, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ден астам татами шебері қатысады деп…
16:08 | 01 маусым 2026
Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогы аяқталды. Екі күнге созылған халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлдені -81 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ералы Кеңесхан салды. Ал Гүлдана Марлен (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.
Қола медальдарды Зере Өтепқали (-48 кг), Нұрай Жеңіс (-63 кг), Ұлдана…




