Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

19:34 | 28 сәуір 2026

Астанада 8-10 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін әлемдік додаға 39 елден 300-ден астам спортшы тіркелді.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз:

Ерлер

-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев

-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин

-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов

-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев

-100 кг: Марат Байкамуров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов

+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли

-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева

-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет

-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова

-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова

-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева, Салтанат Ахметова

+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар