Жаңалықтар
19:09 | 09 мамыр 2026
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.
81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, турнир чемпионы атанды. Айта кетейік, 22 жастағы Жалғастың қарсыласы — Grand Slam турнирлерінің төрт дүркін жүлдегері және Masters турнирінің қола жүлдегері.
Бұл — Жалғас Қайролланың мансабындағы…
18:31 | 09 мамыр 2026
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ансарбек Ғайнуллин шешуші белдесуінде Влад Митруден (Молдова) басым түсіп, өз мансабындағы алғашқы Grand Slam қола жүлдесін жеңіп алды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түскен болатын. 60 келіге дейінгі салмақта…
19:56 | 08 мамыр 2026
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 60 келіге дейінгі салмақта табысты өнер көрсетті.
Талғат Орынбасар жарыс жолында сенімді белдесіп, турнирдің финалына дейін жетіп, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда отандасымыз Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Янг Юнг-Вэйді жеңіп, ақтық сынға жолдама алған еді.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар Астана төрінде…
16:16 | 07 мамыр 2026
Астанада әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар алғашқы қарсыластарын білді.
Салтанатты рәсімге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат, Федерацияның вице-президенттері Ержан Зайдинов пен Асхат Житкеев қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға Халықаралық дзюдо федерациясының атынан ұйымның спорт директоры Владимир Барта, төрешілік жөніндегі директор Рауль Камачо Перес және білім беру жөніндегі директоры Даниэль Ласкау қатысып, алдағы жарыстың…
19:40 | 04 мамыр 2026
8-10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Елімізде төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа дзюдо спортының майталмандары қатыспақ. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиіне Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтингтің көшбасшылары шығады.
Олардың қатарында Рафаэла Силва (Бразилия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Фабио Базил (Италия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, Барбара…




