Жаңалықтар

22:37 | 25 тамыз 2023
Қазақстандық дзюдошы Досбол Балғабай әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Загребте (Хорватия) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Оны жарыстың үшінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Досбол Балғабай ұтып алды. Отандасымыз әлем чемпионатвның қола жүлдесін германиялық Дистел Константинмен сарапқа салды. Досбол Балғабай әлем чемпионатына екінші айналымнан қосылды. Іріктеу кезеңінде ол…
23:39 | 23 тамыз 2023
Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты. Финалдық белдесу қосымша уақтқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды…
11:30 | 08 маусым 2023
Астанада 16-18 маусым күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Әлемдік және Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз: Ерлер -60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат…
17:48 | 26 сәуір 2023
Бүгін, 26 сәуір күні Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті. Конгресске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты. Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды. Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental…
10:11 | 18 сәуір 2023
Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командалары Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов спортшылардың әлем чемпионатына қалай іріктелгені туралы айтты. «Әлем чемпионаты – маусымның ең маңызды жарыстарының бірі. Біздің міндетіміз осы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар