Жаңалықтар

10:25 | 01 шілде 2025
3-6 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді. Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы және АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Жарыс нәтижесі бойынша…
21:32 | 13 маусым 2025
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда италиялық Ассунта Скуттоға есе жіберді. Абиба Абужақынова Будапешттегі әлем чемпионатында барлығы бес кездесу өткізді. Финалға дейін жарыс жолынан Марина Воробеваны (IJF), Лоус Петитті (Германия), ширек финалда әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері жапониялық Уатана Когананы, ал…
19:42 | 09 маусым 2025
13–19 маусым аралығында Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл - Парижде өткен жазғы Олимпиададан кейінгі алғашқы әлемдік жарыс болмақ. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 12 татами шебері қорғайды: -60 кг: Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов -66 кг: Ғұсман Кыргызбаев -73 кг: Есет Қуанов -81 кг: Аблайхан Жұбаназар -90 кг: Мейірлан Максим -100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат…
20:21 | 11 мамыр 2025
Астанада 9–11 мамыр күндері өткен дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. 10 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slamтурнирін тамашалады. Жарысқа Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер қатысып, арнайы қонақ ретінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келді. Үш күнге созылған айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 3 күміс және 6 қола жүлде еншілеп, медальдық…
18:08 | 11 мамыр 2025
Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бүгін 19 жасар жарыс дебютанты Бақжан Байтас тәжікстандық Мухсин Малаев, өзбекстандық Мухаммадсодик Содиков, италиялық Энрико Бергамелли сынды азулы қарсыластарын жеңіп шығып, жүлделі орыннан көрінді. Марат Байқамұров шешуші белдесуде ливандық Карамноб Сагаиповты иппонмен сенімді түрде жеңіп, мансабындағы бірінші Grand Slam жүлдесін еншіледі. Қазақстан дзюдо…

Әлеуметтік желідегі парақшалар