Федерация тарихы

Қазақстанның дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылды. Республикадағы бұл жекпе - жекті алғашқы болып қалағандардың арасында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, Владимир Пак, Анатолий Сун, Әбілхаир Байбосынова, Батырбек Сейсенбаев және басқалары бар. Бүкілодақтық жарыстарда қазақстандық дзюдошылар жақсы нәтижеге қол жеткізді, ал палуанымыз Марат Әзімбаев көп ұзамай Еуропа чемпионы атанды.

70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басында қазақстандық палуандар ССРО жазғы Спартакиадасының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегері атағына ие болды. Олар Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк және басқалары.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдары түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстарға Қазақстан өзінің ұлттық құрамасын шығарды. 1993 жылы дзюдодан ел құрамасы Азия чемпионатында жапондықтарға есе жіберіп, жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасқан болатын.

1994 жылдан бастап біздің дзюдошылар Азиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғап, құрама қанжығасына чемпионаттың үш түрлі медалін байлады.

1998 жылы Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жасөспірімдер арасындағы ойында қазақстандық Ерлан Слямбаев алтыннан алқа тағынды. Ал басқа жылдары жастар арасындағы біріншіліктердің жүлдегері атанған.

2001 жылы алғашқы рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық палуандар Асхат Шахаров пен Асхат Житкеев «қола» медальға қол жеткізді. Ал 2008 жылы Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асхат Житкеев дзюдодан алғашқы олимпиадалық «күмісін» еліне тарту етті.

2009 жылы қазақстандық 23 жасар спортшы Максим Раков ұлттық дзюдо тарихында ересектер арасындағы әлем чемпионатын қатысып, алғашқы алтынына қол жеткізді. Жалпы есепте ерлер құрамасы Ресей, Кореяға есе жіберіп, үшінші орынға жайғасты.

2018 жылдың 23 қазанынан бастап бастап ҚРДФ мәслихатының шешімімен Федерация Қайрат Қожамжаровтың тізгініне берілді.

Жеңіс тұғырынан көрінген дзюдошыларымыздың жеңісі тікелей жаттықтырушыға байланысты. Олар Жексенбай Саламатов, Талғат және Қанат Байшолақовтар, Манарбек Таутанов, Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Құлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқалары.

Дзюдодан қазақстандық төрешілер корпусының мүшесі Мухсим Нуртазин халықаралық ареналарда жоғары тәжірибелі төреші ретінде еліміздің даңқын асқақтатып жүр. Мысалы 2008 жылғы Пекин Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында төреші міндетін атқарды.

Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы құрылғаннан бері ұлттық құраманың қоржыны 88 медальмен (18 алтын, 19 күміс және 51 қола) толықты.

2010 және 2011 жылдары Қазақстан дзюдодан әлем кубогының кезеңдеріне қатысты. Ал 2012 жылы әрбір санат бойынша 16 үздік дзюдошыны анықтайтын «Әлемдік шеберлер» турнирі Алматыда өтті. Турнирге тоғыз олимпиада чемпиондары мен жиырмаға жуық әлем чемпионаттарының жеңімпаздары қатысты. Осы жарыста жерлесіміз Максим Раков алтыннан алқа тағынып, елінің мәртебесін тағы да бір асқақтатты.

Сол кезде Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер елімізге іс сапармен келген болатын. «Әлемдік шеберлер» атты турнирге жоғарғы баға берген жетекші қазақ елін дзюдодан Азияның ең үздік елдері санатына қосты. 2013 жылдан бастап Қазақстанда «Гран при» өтіп тұрады.

Бірақ қазақстандық дзюдоның мәртебесі спортшыларымыздың жетістігімен ғана емес, сондай –ақ маңызды іс-шараларды жоғарғы дәрежеде өткізе білуімізбен ерекшеленеді. 2011 жылдың сәуір айында Абу-Дабиде өткен Азиадалық дзюдо конгресінде Бекет Махмутовты құрлықтық ұйымның вице-президенті ретінде екінші кезеңге қайта тағайындады.

***

2022 жылы Қуанышбек Есекеев Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып тағайындалып, ұйым тарихында жаңа кезеңнің басталуына жол ашты.

Ең алдымен президент халықаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанда дзюдоны жаңа деңгейге көтеруге басымдық берді. Осы мақсатта ол Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) 2023–2026 жылдары Қазақстанда әлемдік Grand Slam турнирін өткізу туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындарында

Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде құрамасы жалпы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Асхат Житкеев – 2008 жылы Бейжің Олимпиадасы, күміс

Елдос Сметов – 2016 жылы Рио Олимпиадасы, күміс

Отгонцэцэг Галбадрах – 2016 жылы Рио Олимпиадасы, қола

Елдос Сметов – 2020 жылы Токио Олимпиадасы, қола

Елдос Сметов – 2024 жылы Париж Олимпиадасы, алтын

Гусман Қырғызбаев – 2024 жылы Париж Олимпиадасы, қола

Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаттарында

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттарында жалпы 2 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль иеленді.

Алтын медаль иегерлері:

Максим Раков (2009)

Елдос Сметов (2015)

Күміс медаль иегерлері:

Максим Раков (2011)

Азамат Мұқанов (2013)

Рустам Ибраев (2015)

Ерлан Серікжанов (2018)

Гусман Қырғызбаев (2021)

Абиба Әбужақынова (2025)

Қола медаль иегерлері:

Асхат Житкеев (2001)

Асхат Шахаров (2001)

Отгонцэцэг Галбадрах (2017, 2018)

Елдос Сметов (2019, 2022)

Абиба Абужақынова (2022, 2024)

Қазақстанда өткен әлемдік турнирлер

Елімізде Халықаралық дзюдо федерациясы жоғары бағалаған ірі спорттық іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан келесі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізді:

Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты – 2004 жыл (Алматы), 2022 жыл (Астана)

Дзюдодан әлемдік Masters турнирі – 2012 жыл (Алматы)

Дзюдодан Гран-при – 2013 жыл (Алматы), 2014 жыл (Астана), 2016 жыл (Алматы)

Ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты – 2015 жыл (Астана)

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты – 2019 жыл (Алматы)

Qazaqstan Barysy Grand Slam – 2023, 2024, 2025 жылдар (Астана)

Т. Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогы

Б. Махмутовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы

Қазіргі уақытта Қазақстанда дзюдомен шамамен 90 мыңнан астам адам айналысады. Елімізде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстан дзюдодан жарыстарды ұйымдастыру бойынша әлемдік деңгейде жетекші орындардың бірін иеленеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес жыл сайын елімізде Grand Slam рейтингілік турнирі өткізіледі.

Сондай-ақ, елімізде дзюдо мектептері мен Дзюдо академиясы жұмыс істейді және Ұлттық спорт университетінде дзюдо кафедрасын ашу жоспарлануда.

Әлеуметтік желідегі парақшалар