Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында командалық сайыста күміс жүлдегер атанды

13:21 | 19 сәуір 2026

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Жалпы командалық есеп:

1-орын – Моңғолия

2-орын – Қазақстан

3-орын – Қырғызстан, Корея

Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған Ұлттық құрама сапында: Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) өнер көрсетті.

Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді. Команда сапында жүлде алған спортшылар: Әділет Алмат (-81 кг) – төрт жылдан кейінгі алтын, қола жүлдегерлер: Эсмигүл Куюлова (-63 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Айдар Арапов (-90 кг).

Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар