Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырдағы Grand Slam турниріне қатысады

19–21 маусым күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Әлемдік тур аясындағы беделді жарысы Ulaanbaatar Grand Slam 2026 өтеді.
Биылғы додаға әлемнің 58 елінен 454 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының сапынан турнирде 20 дзюдошы бақ сынайды.
Қазақстан командасының құрамы:
Ерлер құрамасы: Аман Бақытжан (-60 кг), Мағжан Шамшадин (-60 кг), Нұрқанат Серікбаев (-66 кг), Ақжігіт Насыр (-66 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг), Есет Қуанов (-73 кг), Жалғас Қайролла (-81 кг), Асқар Нарқұлов (-81 кг), Айбол Нысанәлі (-90 кг), Нұржан Бисенов (-90 кг), Марат Байқамұров (-100 кг).
Әйелдер құрамасы: Ғалия Тынбаева (-48 кг), Диана Буркеева (-48 кг), Аружан Ережепова (-52 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Дина Мұханбет (-57 кг), Самалай Ерғалиева (-63 кг), Дамеля Асылханова (-63 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Акерке Рамазанова (+78 кг).
Ulaanbaatar Grand Slam 2026 турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу рейтингіне есептелетін алғашқы ұпайларды сарапқа салады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер