Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Азия кубогында 8 медаль жеңіп алды

Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогы аяқталды. Екі күнге созылған халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлдені -81 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ералы Кеңесхан салды. Ал Гүлдана Марлен (-70 кг) күміс жүлдегер атанды.
Қола медальдарды Зере Өтепқали (-48 кг), Нұрай Жеңіс (-63 кг), Ұлдана Ходжаназарова (-70 кг), Мирас Исабаев (-73 кг), Берікбол Жұмабеков (-100 кг) және Гүлдана Теңгельбаева (+78 кг) иеленді.
Ташкент татамиінде өткен байрақты бәсекеге 12 елден 503 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында Қазақстан жастар құрамасы жалпы медаль кестесінде 4-орынға тұрақтады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер