Жаңалықтар

16:44 | 28 қараша 2016
9-11 желтоқсан күндері Швейцарияда әскерилер арасындағы Әлем Чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігіне Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы қатысады. Олар: Ғұсман Қырғызбаев – 60 кг Мейіржан Қалтаев – 66 кг Ғұмар Қырғызбаев – 66 кг Елдос Жұмаханов – 73 кг Ерасыл Сәкенұлы – 73 кг Қажымұқан Өтеуілов – 73 кг Асан Махамбетқұлов + 100 кг Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
17:49 | 24 қараша 2016
Жақында дзюдодан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің маусымда (әйелдер арасында) үздік дзюдошы атанғанын естідік. Осы ретте күншығыс елінің төл спортын серік етіп жүрген аруларымыз туралы аз-кем сөз қозғауды жөн санадық. Рио-де-Жанейро Олимпиадасы аяқталған соң, қыздар құрамасының бас бапкері ауысатыны белглі болды. Жалпы, Рио Олимпиадасына дейін еліміздің дзюдошы қыздары мұндай байрақты бəсекеден жүлде алып көрмеген еді. Галбадрах тарихтың жаңа бетіне…
10:48 | 23 қараша 2016
2016 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Балуан Шолақ» спорт кешенінде жылдың ең маңызды спорттық шарасы өтеді. Ол – спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогы (Бұдан әрі – Конфедерация кубогы – Авт.) Тұңғыш рет бокс, күрес, дзюдо және таеквондо (WTF) спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өткізілетін шараның жалпы жүлде қоры - 125 млн. теңге. Конфедерация кубогы үшін…
23:36 | 22 қараша 2016
18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем Чемпионаты өтті. Әлем біріншілігіне 63 елден 999 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, жарыстың бірінші күнінде -100 келіде бақ сынаған Жарашуев Нұрлан үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға ие болды. Әлем Чемпионатының екінші күнінде отандасымыз Кинтонов Мұрат барлық қарсыластарын иппонмен жеңіп, -100 келіде Әлем Чемпионы атанды.…
21:56 | 19 қараша 2016
Ерлер: 60 кг 1 орын – Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда) 2 орын – Абылайхан Шаратов (Қарағанды облысы) 3 орын - Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы), Ғұсман Қырғызбаев (Алматы) 66 кг 1 орын – Қалтаев Мейіржан (ОҚО) 2 орын – Ғұмар Қырғызбаев (Алматы) 3 орын – Мәуленин Әбілхайыр (Алматы облысы), Ғабит Есімбетов (ОҚО) 73 кг 1 орын – Жансай Смағұлов (Қарағанды) 2 орын…

Әлеуметтік желідегі парақшалар