​Шерзод Давлатов - Еуропа кубогінің жеңімпазы

21:51 | 27 маусым 2026

Прагада (Чехия) дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді финалда уақытынан бұрын таза жеңіспен ұтты.

Дәл осы салмақта Нұрәділ Әлжан ел қоржынына қола жүлде салды. Жұбаныш финалында ол тағы бір командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.

Еуропа кубогіне 38 елден 412 татами шебері қатысып жатыр. Жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар