Жаңалықтар

21:27 | 28 тамыз 2017
Бүгін Будапеште дзюдодан Әлем Чемпионатының бірінші күні аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы күнін бір қола медальмен аяқтады. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франческа Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дарья Белодедті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Отгонцэцэг Галбадрах…
21:00 | 28 тамыз 2017
Будапештте өтіп жатқан Әлем Чемпионатында отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах қола медальға ие болды. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отанбасымыз Отгонцэцэг Галбадрахтан жапон…
17:47 | 28 тамыз 2017
Бүгін Будапештте дзюдодан Әлем Чемпионаты басталды. Әлем біріншілігінің алғашқы күнінің іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша қазақстандық 3 дзюдошының екеуі жұбаныш белдесуінде белдесетін болса, біреуі жартылай финалға шықты. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан ұлттық құрама командасынан татамиге Отгонцэцэг Галбадрах шықса, ерлерден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев белдесті. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем…
11:35 | 28 тамыз 2017
28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Жылдың ең маңызды додасына әлемнің 131 елінен 782 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ұлттық құрама командасынан 18 дзюдошы ел намысын қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Елдос Жұмаханов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы (81 кг)…
20:07 | 27 тамыз 2017
Бүгін Будапештте дзюдодан Әлем чемпионатының жеребесі тартылды. 126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. Ертең, 28 тамыз күні әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 кг, әйелдерден 48 кг салмақ дәрежесіндегі татами шеберлері бақтарын сынайды. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)…

Әлеуметтік желідегі парақшалар