Галбадрах Отгонцэцэг - "Grand Slam" турнирінің қола жүлдегері
Бүгін Абу-Дабиде кезекті әлемдік "Grand Slam" турнирі басталды. Әлемнің 47 елінен 300-ге жуық дзюдошылар жиналған дүбірлі додаданың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қоланы қоржынға салды.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен Отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг жарысқа ширек финалда қосылып, Гулязова Сабинаны вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Ресей спортшысы Ирина Долговаға голден скорда есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде белдесті. Қола медаль үшін күресінде венгриялық Черновицки Эваны вазаримен ұтып, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.
Сондай-ақ, Қазақстан ерлер ұлттық құрамасынан белдескен екі спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Елдос Жұмаханов (66 кг) жарысты 5-орынмен аяқтады.
0 пікірлер