Қазақстан жастар құрамасы Азия кубогын 3-орынмен аяқтады
10:34 | 25 маусым 2018
23-24 маусым күндері Ыстықкөлде (Қырғызстан) жастар арасында Азия кубогы өтті. Азия құрлығының 9 елінен 159 жас татами шебері бақ сынаған тартысты бәсекеге ел құрамасынан 25 дзюдошы қатысты. Екі күнге созылған жылдың маңызды додасында Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Алтын
Мөлдір Нарынова (70 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг)
Сұңғат Жұбатқан (66 кг)
Күміс
Ләззат Әлімхан (57 кг)
Амина Расул (-78 кг)
Қола
Бақыт Абдусамат (55 кг)
Нұрсұлу Ералиева (52 кг
Санжар Балғымбеков (-81 кг)
0 пікірлер