Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азияда үздік атанды
Бүгін, 22 маусым Ыстықкөлде (Қырғызстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогы өз мәресіне жетті. 21 маусым күні жалауы желбіреген байрақты бәсекеде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 9 медальмен ел намысын аброймен қорғады. Атап айтқанда, 7 алтын, 2 күміс және 9 қола медаль иеленген қазақстандық жас татами шеберлері жалпы командалық есепте 12 ел ішінде 1 орынмен көш бастады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Алтын
Мұхаммедали Мавлидов (81 кг)
Садуақас Бекарыс (90 кг)
Мадина Парагулгова (+70 кг)
Маргарита Гриценко (-70 кг)
Ханифа Тугушева (57 кг)
Қайыржан Жүнісбек (50 кг)
Алмас Уали (66 кг)
Күміс
Әсемгүл Балтабай (40 кг)
Шырын Қадырсыз (57 кг)
Қола
Мұхамежанов Аслан (+90 кг)
Даяна Белгибаева (-70 кг)
Лес Аслан (50 кг)
Махамбет Рахмет (60 кг)
Нұрқанат Серікбаев (50 кг)
Данияр Шамшаев (66 кг)
Диана Буркеева (44 кг)
Аяулым Қуанышова (52 кг)
Таңсұлу Тілеуберген (48 кг)
0 пікірлер