Жаңалықтар

16:52 | 13 ақпан 2023
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен Еуропа кубогінде екі медаль жеңіп алды. Ғұмар Қырғызбаев финалға шығып, күміс жүлдегер атанса, Руслан Мұсаев қоланы қоржынға салды. Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол финалға дейін ол Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларынан басым түсті. Ал финалда украиналық Микита Холобородкомен тартысты күрес 9 минутқа дейін жалғасты. Негізгі уақытта…
15:46 | 10 ақпан 2023
14-17 ақпан күндері Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды. Айта кетерлігі, аталған ел чемпионатының нәтижесінде 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады. Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі келесідей: 14 ақпан Жарыстың басталуы – 10:00…
21:54 | 05 ақпан 2023
Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев екіжақты келісімшартқа қол қойды. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand…
02:11 | 05 ақпан 2023
Парижде дзюдодан әдемдік Grand Slam жарысы басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі қола жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Абужақынова қола медальға ие болды. Ол жұбаныш финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хе Кенгті жеңді. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз Данияр Шамшаев та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін…
09:16 | 26 қаңтар 2023
Жаңа маусымның алғашқы жарысы Португалияның Алмада қаласында 27-29 қаңтар күндері өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 81 елінен 500-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Алмада татамиінде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімі келесідей: Ерлер: 60 келі: Қанат Сейілхан, Мағжан Шамшадин 66 келі: Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан 73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерден 90 келі: Дидар Хамза, Ерасыл…

Әлеуметтік желідегі парақшалар