Жаңалықтар
21:10 | 25 наурыз 2023
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс медальға қол жеткізді.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ол Австрия өкілі Уашид Борчашвилиге есе жіберді.
Бұл 23 жасар Абылайхан Жұбаназардың ересектер арасындағы әлемдік турнирде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.
Абылайхан Жұбазанар финалға дейін төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол іріктеу кезеңінде Канада және Польша спортшыларын жеңді.…
12:05 | 20 наурыз 2023
24-26 наурыз күндері Грузия астанасы Тблиси дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің кезекті кезеңі өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Тблиси татамиінде Қазақстан намысын 24 дзюдошы қорғайды:
Әйелдер:
48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
52 кг: Толғанай Әбеуова, Гаухар Ирмағамбетова
57 кг: Бақыт Құсақбаева
63 кг: Есмигүл Куюлова
70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы
+78 кг:…
11:28 | 13 наурыз 2023
11-12 наурыз күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа ашық кубогін 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, медаль кестесінде 5-ші орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпазлары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60…
11:26 | 09 наурыз 2023
Семейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына Астан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, еліміздің 16 облысынан барлығы 517 спортшы қатысып жатыр.
«Абай-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігінің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы…
14:19 | 06 наурыз 2023
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Ташкентте өткен әлемдік Grand Slam жарысын қорытындылады, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
3-5 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өткен әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстан ұлттық құрама командасы екі күміс жүлдемен жалпы медаль кестесінде 10-шы орнымен аяқтады.
Аталған байрақты бәсекеге әлемнің 49 елінен 364 дзюдошы қатысты. Қазақстан қоржынына Нұрқанат Серікбаев…