Жаңалықтар

09:00 | 20 қыркүйек 2025
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастады. Отандасымыз 5021 ұпай жинап, рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орында – Сабина Гилязова (4738 ұпай), үшінші орында – Италия спортшысы Ассунта Скутто (4727 ұпай). Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық дзюдошылар сапынан тек Максим Раков, Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг әлем рейтингінде бірінші…
16:44 | 17 қыркүйек 2025
19–20 қыркүйек күндері Алматы облысындағы «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарыс бағдарламасы: 19 қыркүйек Жарыстың басталуы –09:00 Финалдық блок – 17:00 Ерлер: –60 кг, –66 кг,–73 кг Әйелдер: –48 кг, –52кг, –57 кг 20 қыркүйек Жарыстың басталуы –09:00 Финалдық блок –…
16:40 | 25 шілде 2025
25 шілде күні Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті Конференциясы өтті. Жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды. Сондай-ақ Федерацияда кадрлық өзгеріс болды. Атақты дзюдошы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген спорт шебері әрі тәжірибелі спорт маманы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы лауазымындағы Асхат Расулұлы Жіткеев Федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл шешім оның отандық және халықаралық дзюдоның дамуына сіңірген…
16:52 | 08 шілде 2025
Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы және IJF төрешілік емтиханы өтті. Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл турнир Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген және жас спортшылар үшін маңызды халықаралық дода саналады. Төрт күнге созылған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия,…
14:28 | 05 шілде 2025
Алматы қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен өткен дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық емтихан өз мәресіне жетті. Қазақстанда үшінші рет өткізілген бұл маңызды шара еліміздегі төрешілер даярлау жүйесінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Емтиханның практикалық кезеңі Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі аясында өтті. Аталған жарыста төрелік еткен 11 елден келген 19 төреші өз кәсіби…

Әлеуметтік желідегі парақшалар