Жаңалықтар

19:18 | 04 наурыз 2023
Ташкентте дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев финалға шығып, 2-орынға ие болды. Ол ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесті. Отандасымыз жартылай финалда Швейцария спортшысы Нилл Штампты уақытынан бұрын иппонмен жеңді. Ширек финалда Умарт Демирелден (Түркия) басым түссе, іріктеу кезеңдерінде Аксус Бенжжамин (Франция) мен Шыңғысхан Сағыналиевті (Қырғызстан)…
19:42 | 03 наурыз 2023
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тәжірибелі Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинге есе жіберді. Нұрқанат Серікбаев аталған жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Алдымен БАӘ өкілі Мутаз Хаужахты, одан кейін әзербайжандық Ровшан Алиевті жеңді. Ширек финалда өзбекстандық Дильшотбек…
10:43 | 28 ақпан 2023
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. 3-5 наурыз күндері өтетін әлемдік бәсекеге 51 елден 400-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Назарларыңызға Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз. Ерлер: Мерей Марханбетов (60 кг) Нұрқанат Серікбаев (60 кг) Есет Қуанов (66 кг) Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Данияр Шамшаев (73 кг) Дархан Қойбағар (73 кг) Абылайхан Жұбаназар…
16:52 | 13 ақпан 2023
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен Еуропа кубогінде екі медаль жеңіп алды. Ғұмар Қырғызбаев финалға шығып, күміс жүлдегер атанса, Руслан Мұсаев қоланы қоржынға салды. Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол финалға дейін ол Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларынан басым түсті. Ал финалда украиналық Микита Холобородкомен тартысты күрес 9 минутқа дейін жалғасты. Негізгі уақытта…
15:46 | 10 ақпан 2023
14-17 ақпан күндері Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды. Айта кетерлігі, аталған ел чемпионатының нәтижесінде 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады. Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі келесідей: 14 ақпан Жарыстың басталуы – 10:00…

Әлеуметтік желідегі парақшалар